dc.description.abstract |
Мақала өзекті тақырыпқа - онлайн БАҚ жұмысында веб-аналитика
мүмкіндіктерін пайдалану мәселелеріне, веб-статистиканың негізгі көрсеткіштерін
талдауға арналған. Бүгінгі таңда журналистика ақпарат беруде және аудитория
санасына әсер етуде үлкен өзгерістерге ұшырады. Әсіресе, соңғы жиырма жылда бүкіл
әлемде БАҚ-тың аудиториямен қарым-қатынасы өзгерді. Аудиторияның көлемі мен
сипаттамаларын дәл анықтап және қызығушылық тудыратын тақырыптар мен
материалдарды тиімді табуға мүмкіндік беретін веб-аналитикалық есептеуіштердің
таралуы аудиторияның сандық өлшеміне ауысуын тездетіп, интернетбасылымдардың танымалдылығының арттырды. Мақалада жаңа медиада вебаналитика есептегіштерін қолданудың оң және теріс тенденциялары ашылып, онлайн
статистикалар ұсынылады. Сондай-ақ, жаңа медианың маңызды тренді әлеуметтік
желілер де атап өтілді. Аудитория зерттеуде веб-аналитиканы пайдалану
тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің түсінігі мен мәні анықталады. Мақалада
онлайн-басылымның сайтының тұтынушыларын анықтауға арналған көрсеткіштер
берілген және Қазақстандағы танымал басылымдар және олардың веб-аналитиканы
қолданудағы артықшылықтары қарастырылған. |
ru |