Аннотации:
Мақалада YouTube-тегі Еуразия ұлттық университет арнасының қолдану
тиімділігі зерттеліп, оған баға берілген. YouTube арнасындағы қазақстандық контенттердің рейтингтік тізімі зерттелген. ЕҰУ YouTube арнасының сол тізімге ену үшін
керекті қадамдардың мөлшері анықталып, сол межеге жету үшін керекті шаралар ұсынылған. YouTube бейнеқызметін ұлттың мәдени және рухани құндылықтарын дамытуға пайдалану арқылы оның қолдану аясын кеңітіп, тиімділігін арттыру қарастырылған.