Аннотации:
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты іргелі кітабы жөнінде сөз қозғалады. Автор аталған тарихи
еңбектің қазақстандық қоғам үшін маңызына тоқталып, жаңа туындының стратегиялық мән-мағынасына
талдау жасаған. Тұңғыш Президент кітабының қазақстандық қоғамда алатын орнын және гуманитарлық
білім-ғылым саласында айналымға енгізу негіздемесін түзіп берген. Сонымен қатар, Елбасы кітабын
насихаттау мен танымалдандыру мақсатында түзілген міндеттер кеңістігін де айқындап көрсеткен.