Аннотации:
Ұлттық педагогика мәдениет пен ғылымды байланыстырудың тиімді
құралы болып табылады. Этнопедагогика ұлттық мәдени құндылықтарға деген дұрыс көзқарасты қалыптастыра алады. Негізгі мақсаты – ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу. Ұлт тәрбиесімен айналысатын әрбір ұстаздың негізгі міндеті халықтық педагогиканың элементтерін сабақта және сабақтан тыс тиімді пайдалана білу, салт-дәстүрімізді білім алушылардың оқу-тәрбие ісінде қолдана білу деп есептейміз.