Аннотации:
Мақалада, автор Сыр өңіріндегі патша үкіметінің отарлық саясаты мен Қоқан және Хиуа
езгісіне қарсы күрескен Жанқожа батырдың рухани көсемі болған Төремұрат жыраудың «Созақ қырғыны»
толғауына деректанулық тұрғыдан талдау жасап, оның тарихи маңызын ашып көрсетеді. Тарихи толғауда
бұрын-соңды тарихта айтылмаған ақиқат ашылады.Сонымен бірге бұл еңбекте толғаудың бүгінгі күнге дейін
жеткен нұсқалары жан-жақты қарастырылып, кейінгі зерттеушілердің көзқарастары мен берген бағаларын
ғылыми негізде саралайды. Зерттеуші Төремұрат жыраудың қазақ тарихындағы алатын орны мен ұлтазаттық көтерілістерге арналған шығармаларын ашып көрсету үшін деректік тұрғыдан әлі де зерттей түсу
қажет деп есептейді. Жалпы қазақ халқының жадында сақталған тарихи жырларды зерттеу өз кезегінде
ұлттық тарихымыздың толық баяндала түсуіне ықпал етеді.