Аннотации:
Ғылыми мақалада қазақ халқының діни қайраткерлерінің бірі Марал ишанның
өмір жолы мен ағартушылық қызметі әрі оның қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қосқан
үлесі туралы мәліметтері тарихи деректермен көрсетіледі. Сонымен қатар, авторлар бұл еңбекте
Марал ишан туралы бүгінгі күнге дейін жеткен ауызша деректерге жүгіне отырып, ХІХ ғасырдағы
зерттеушілердің көзқарастары мен берген бағаларын ғылыми негізде саралайды. Және сопылықтың
ұстаздары саналған ишандардың қызметі сипатталады. Өз кезегінде ишандық мектептердің қалыптасуы халқымыздың діни-ағартушылық ой-санасының дамуына ықпал жасаған. ХІХ ғасырда қазақ
халқы қоғамында өзіндік орны болған молда, ахун, ишан, хазірет, қожа, қажы, қари, қалпе, мақсым
сияқты діни өкіл қайраткерлерінің тарихи тұрғыда жан-жақты зерттелу мәселесінің өзектілігі ашылады.