dc.description.abstract |
Әлемдегі жаһандық нарықтық бәсекелестік өңірлер арасында инвестиция, турист,
жаңа тұрғын және кәсіпкерлерді тарту үшін бәсекеге түсуіне әсерін тигізбей қоймады. Өңірді дамыту мүддесін қолдаушылар маркетингтік құралдарды пайдалана бастады. Өңірдің тартымдығы
мен танымалдығын жетілдіретін маңызды құралдардың бірі – өңірлік мәдени брендті жасау және
оны жылжыту. Өңірге қалалар, шағын аймақтар, жергілікті мекендер, өлке және жалпы ел жатады.
Өңірлік брендинг міндеті мақсатты аудиторияның санасында өңір туралы жағымды, қалауындағы келбетті және көзқарасты қалыптастыру. Алайда, өңірлік брендинг үрдісі өте күрделі,
тиімді стратегиялық мақсатты қажет ететін ұзақ мерзімді үрдіс. Сондықтан өңірлік брендингтің
мән-мағынасын түсіну, бағыты мен жүзеге асыру құралдарын анықтап алу қажет.
Мақалада өңірлік мәдени брендинг үрдісіне теориялық-әдістемелік талдау жасалады. Өңірлік
брендингтің ұғымдық мәні мен мағынасы анықталды. Аталған мәселе бойынша әртүрлі ғылыми
тұжырымдамаларға талдау жасалды. |
ru |