Аннотации:
3D археология Қазақстанда өз деңгейінде дами қойған жоқ. Оның негізгі әдістерінің
бірі фотограмметрия – далалық қазба жұмыстарында қолдануға тиімді, қарапайым зерттеушіге қол
жетімді, көп уақыт алмайтын, алынған деректердің өңделуі автоматтандырылған болуымен қолайлы. Мақалада фотограмметрия технологиясының жүзеге асырылу барысы, құралдары, сондай-ақ
оны қолданудың әлемдік тәжірибеде анықталған артықшылықтары мен кемшіліктері сөз болады.
Фотограмметрияны оған балама әдіс болып келетін 3D сканерлеумен салыстырып, алынған нәтижелердің дәлдігі мен сапасы жағынан кем түспейтіндігі келтіріледі. Елімізде осы әдіспен зерттеліп,
ғылыми айналымға енгізілген ескерткіштер аталады. Археологиялық ескерткіштерді аталмыш технологиялармен зерттеу қызметін көрсететін отандық жеке ұйымдардың бой көтеріп жатқаны сөз
болады. Фотограмметрия әдісін меңгерген мамандарды университет қабырғасында бакалавриат,
магистратура шеңберінде даярлау туралы ұсыныс айтылады.