Аннотации:
Осы мақалада берілген тарихнамалық шолудан, қазақ қару-жарағының пайда
болуы, зерттелу тарихы, қолданылу тактикасы, түр сипаттық белгісі жайлы яғни, қару-жарақтар
соғыс құралы ретінде зерттелген еңбектердің басым екендігін байқауға болады, ал қару-жарақтың
символдық қызметтері жөнінде жалпылама түсінік түрінде ғана айтылып өтілген. Сондай-ақ, оның
магиялық күшке ие екендігі, қазақ ұлтының салт-дәстүрлік мәдениетінде, екі ел арасындағы бейбітшілік пен достық қарым-қатынастық символы негізіндегі қызметін есепке ала отырып, әр түрлі
этнографиялық деректерді жинақтап, оны талдау жұмысы жасалынды. Қару-жарақтың символдық
қолданысын тақырыптық ұстаным ретінде ол тек соғыс қаруы ғана емес, сонымен қатар қазақтың
дәстүрлі әдет-ғұрыпында, күнделікті тұрмыс-тіршілігінде түрлі мән-жайды білдіргендігі, батырлардың дәреже белгісін көрсеткендігі, адам ойын астарлап жеткізетін қызметінің маңыздылығы
мен мағынасына қарай жекеленіп зерттеліп отыр.