Abstract:
Мақалада танымдық процестің қажетті құралы болып табылатын классикалық логика мен интуицияның философиялық мәселелері зерттеуге алынған. Логика
ғылымының философия тарихында алатын орны мен маңыздылығына, логика мен интуицияның байланысына, олардың танымдық қызметтегі рөліне мән берілген.
Қазіргі заманғы ғылыми таным мәселелерінде шығармашылықтың мәнділігі мен атқаратын міндеттері талқыланып, оның кезеңдері зерделенген. Шығармашылық пен интуицияның арақатынасы зерттелген.
Ғылыми мәселелерде дискурсивті ойлаудың жеткіліксіз болатындығы, интуитивті
ойлаудың эвристикалық білім формасы ретінде жаңа идеяларды тудыру мәселелері
талданған. Сонымен бірге, гносеология тарихында философтардың интуицияға берген
анықтамаларына талдау жасалынған. Зияткерлік интуицияға классификация келтірілген. Логика мен интуиция антипод ретінде емес, керісінше бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірін қолдайтын және толықтыратын білім, ойлау формасы болып табылатындығы тұжырымдалған.