Репозиторий Dspace

Көшпенді сал-серілерінің халықтық-діни көзқарастары

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Ази, Ессентугел А.
dc.contributor.author Азап, Самет
dc.contributor.author Садуакас, Нурбол А.
dc.date.accessioned 2023-06-08T09:33:51Z
dc.date.available 2023-06-08T09:33:51Z
dc.date.issued 2022
dc.identifier.issn 2616-7255
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/2106
dc.description.abstract Көшпенділер мәдени мұрасының, соның ішінде қазақ халқының мәдениеті тарихында «серілік» дәстүрдің маңызы зор. Сал-серілер дəстүрді ұстанған, адамзаттық құндылығы бар, танымдық, тағылымдық мұраларға бай жан-жақты өнер иелері – қазақ даласының рухани келбеті. Қазақ халқының рухани мәдениетінің басым бөлігі қуғын-сүргінге ұшырап, тыйым салынып, көптеген көрнекті қайраткерлердің, мәдениет пен мәдени дәстүрді жалғастырушылардың есімдері ұмыт қалды. Олардың халыққа қайта оралуы, мәдени өмірге араласуы олар жасаған мәңгілік рухани құндылықтарды тұтас түсіну қажеттілігін тудырады, бұл жалпыадамзаттық мәдениетте өзінің лайықты орнын алуға толық негіз бар. XV-XIX ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық-саяси және рухани өмірінде ауызша поэзияның өкілдері – ақындар, жыраулар, салдар мен серілер орасан зор рөл атқарды. Сал мен серілер өз шығармашылығы арқылы алдыңғы ұрпақ тәжірибесінің қайталануын жинақтап, халықтың рухани тәжірибесінің байланыстырушы бастамасы болып табылады. Сал мен сері қоғам қайраткері ретінде болашақты алаңдай отырып, барлық билікке – олардың байларына да, отаршылдарына да дұшпанға айналды. Прогрессивті көңіл-күйді білдіретін, моральдық-этикалық, әлеуметтік-мәдени, философиялық және тарихи идеялар мен танымдарды өз шығармаларында жаңаша бейнелейтін сал-серілер халық мүддесін қорғаушы қызметін атқарды. Сал-серілердің көркем мұрасы шығармашылықтың ерекше түрі болса, олардың бейнесі ұлттық менталитеттің жарқын бір көрінісі деуге болады. Мақалада ұлт мәдениеті, сөз өнері тарихындағы сан алуан өнерді бір басына тоғыстырған, яғни ақындықты, әншілікті, композиторлықты, импровизаторлықты, шешендікті шебер де мінсіз меңгерген қазақтың сал-серілерінің шығармашылығы тарихи-мәдени, әдеби деректер негізінде қарастырылады. Ұлт әдебиеті тарихындағы сөз шеберлерінің ғылыми-шығармашылық еңбегі, тіл мәдениеті, көркемдік ойлау жүйесі, ұлттық рух пен сана, ұлттық-рухани құндылықтары философиялық тұрғыдан баяндалады. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject қазақ мәдениеті ru
dc.subject көшпенділер ru
dc.subject серілік ru
dc.subject сал-серілер ru
dc.subject қазақ дүниетанымы ru
dc.subject дәстүр ru
dc.subject әнші ru
dc.subject жыршы ru
dc.title Көшпенді сал-серілерінің халықтық-діни көзқарастары ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись