dc.description.abstract |
Мақала Ертіс өңірінің қасиетті орындары – агиотопоним мәселесіне арналады. Шығыста
Алтайдан батысында Каспийге дейін созылып жатқан Қазақстан аумағында әулиелердің есімімен
аталған жер–су атаулары көптеп кездеседі. Соның ішінде Ертіс өңірінде де әулиелер есімімен байланыстырып қойылған жер аттары жетерлік. Осы орайда, Ертіс өңірі мыңжылдық тарихы бар қазақ
халқының қасиетті мекендерінің бірі екенің атап кеткен жөн. Ертіс бойының әулиелі орындарын
зерттеу арқылы ғана дәстүрлі діни–нанымдарды сақтай аламыз. Жыр–аңыздарға арқау болған киелі
кейіпкерлер, бойына қасиет дарыған әулиелер, олардың жүріп өткен жолдары, агиотопонимдік атаулардың қалыптасуына негіз болды. Халықтың дүниетанымы бойынша әулиелер аяқ басқан жерлер
киелі саналатын, ал киелі кейіпкерлерге арнап тұрғызылған ғибадат орындары маңызды мінәжат нысандарына айналған. |
ru |