Репозиторий Dspace

Әл-Фараби іліміндегі фәлсафа мен дін арасындағы байланыс мәселесі

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Дүйсен, Нұрсұлтан Б.
dc.contributor.author Итегулова, Эльмира Г.
dc.date.accessioned 2023-06-08T11:09:04Z
dc.date.available 2023-06-08T11:09:04Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-7255
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/2156
dc.description.abstract Аталмыш мақалада ортағасырдағы араб-мұсылман мәдениетінің көрнекті өкілі, фәлсафаның негізін қалаушы Әбу Насыр Әл-Фарабидің дүниетанымындағы дін мен фәлсафаның бірбірімен байланыс мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ ойшылдың ежелгі антикалық Платон, Аристотель сынды философтардың әлемнің жаратылысы туралы жазылған еңбектерін мұсылмандық дүниетаным негізінде, ислами табиғатқа жақындатқан іргелі ізденістері баяндалды. Ойшылдың дінге қатысты көзқарасы мен пікірі жайлы мәселе бүгінгі күнге дейін әлі толығымен пісіп зерттелмеген тақырып болып отыр. Мақаланы жазу барысында Әл-Фарабидің дін мен фәлсафаның бірлігін сипаттайтын дәлелдер берілді. Фараби өзі фәлсафаның өкілі болғандықтан дінге рационалистік тұрғыдан баға берді. Ол дінді діншілдік белгілерінен гөрі философиялық категориялар арқылы анықтады. Әл-Фарабидің трактаттары мен ғылыми кітаптарының ішіндегі фәлсафа және діннің бірлестігі мәселесі ең ауқымды әрі күрмеуі тоқсан түрлі зерттеу нысаны болып табылады. Фараби дін мен фәлсафаны зерттеу саласы, сондай-ақ шығу тегінен бастап анықтайды. Дін дегеніміз уақыттық тұрғыдан алғанда фәлсафадан кейін пайда болған ойшылдың ойынша. Әл-Фараби діннің қажеттілігін түсінумен қатар, онсыз да болмыстың мүмкін екенін алға тартты. Яғни, ол философияның арқасында да, адам ақиқат пен байлыққа жете алады дегенді меңзеді. Осы мақалада Фарабидің теология ілімінің сипаты, мәні жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ ойшылдың пайғамбарлық, әлемнің пайда болуы, жаратылыс теориясы, Құдай (Алла) мәселесі мақаланың зерттеу нысанына айналды. Мақалада Фараби ілімін зерттеуші шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері жүйелі түрде талданды. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject фәлсафа ru
dc.subject болмыс ru
dc.subject субстанция ru
dc.subject дін ru
dc.subject құдай ru
dc.subject пайғамбар ru
dc.subject әлем ru
dc.subject ақыл ru
dc.subject аян ru
dc.subject қиял ru
dc.title Әл-Фараби іліміндегі фәлсафа мен дін арасындағы байланыс мәселесі ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись