Репозиторий Dspace

Қазақтың күнделікті мәдениетіндегі емшілер типологиясы және емдеу тәжірибелері: мәдени антропологиялық талдау

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Ермагамбетова, Құралай С.
dc.contributor.author Атанакова, Қарлығаш М.
dc.date.accessioned 2023-06-08T11:17:32Z
dc.date.available 2023-06-08T11:17:32Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-7255
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/2161
dc.description.abstract Қазіргі қоғамда халық емшілігі туралы әртүрлі дискурстар бар. Ғылым тұрғысынан, әсіресе, академиялық медицина тұрғысынан халық емшілігі заманауи емдеу хаттамасына сай келмейтін тәжірибе. Дегенмен, академиялық шығыс медицинасында халық емшілерінің кейбір тәжірибелері үйретіледі, оқытылады. Ислам діні тұрғысынан білімі жоқ адам емдеу жүргізуге хақы жоқ, соның ішінде халық емшілігімен айналысуға тыйым салынады. Этнография, антропология тұрғысынан халық емшілігі халықтың ұлттық мәдениетті, мұрасын, құндылықтарын, болмысын, тұрмысын, білімін сипаттайтын дәстүр. Мақалада қазіргі Қазақстанның күнделікті мәдениетіндегі халық емшілігінің тәжірибелеріне талдау жасауға тырыстық. Алдымен қазақтың халық емшілігінің қалыптасу тарихына ретроспективті талдау жасау арқылы қазақ емшілігінің қалыптасу тарихына және оның қытай, тибет, үнді, араб емшілігімен байланысын анықтадық. Мақаланың теориялық-әдістемелік негізін жасауда этнографиялық, мифологиялық дерекөздерге, емшілердің еңбектеріне сүйендік. Аталған материалдардың негізінде халық емшілерінің типологиясы жасалды. Халық емшілері үш типке бөлінді: рухани, тәндік және магиялық. Рухани емшілер тәжірибесі ежелі наным-сенімдермен және дінмен байланыстырылса, тән емшілері халықтың күнделікті тұрмыстық тәжірибесімен, салт-жоралғыларымен байланыстырылды. Магиялық емшілердің тәжірибесі магиялық әрекетпен, тылсым күшпен ұштастырылды. Қазақ халқының емшілігін зерттеуге деген қызығушылық Қазақстанның «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» мемлекеттік бағдарламаларымен байланыстырылады. Өйткені, мақалада халық емшілігі қазақ халқының мәдени мұрасы, рухани құндылығы, ұлттық коды, мәдени бірегейлікті қалыптастыратын және сақтайтын құрал ретінде қарастырылады. Күнделікті мәдениеттегі халық емшілігінің тәжірибесі «Қазақстан халық емшілігі ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестіктің заңнамалық ережелеріне бағынады және бақыланады. Қазақ халық емшілігі құпияға толы. Оның түрлері әлі толыққанды зерттелген жоқ. Қазақтың халық емшілігін зерттеу ғылымға қосылатын үлкен үлес деп білеміз. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject күнделікті мәдениет ru
dc.subject қазақтың халық емшілігі ru
dc.subject емші ru
dc.subject шипагер ru
dc.subject бақсы ru
dc.subject ұлттық мұра ru
dc.subject рухани құндылық ru
dc.title Қазақтың күнделікті мәдениетіндегі емшілер типологиясы және емдеу тәжірибелері: мәдени антропологиялық талдау ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись