Аннотации:
Мақалада аудит тәжірибесінде Халықаралық аудит стандарттарын қолдануға байланысты ішкі аудиторлық стандарттарды (аудиторлық ұйымдарды) әзірлеудің мақсаттары, негізгі принциптері, тәртібі қарастырылған.
2017 жылға дейін қолданыста болған аудиторлық қызметтің мазмұнына (ішкі стандарттарға қойылатын талаптарды қамтитын) стандарттарын, сондай-ақ «Қаржылық есептілікке аудит және шолу тексерулерін жүргізетін, сондай-ақ сенімділікті қамтамасыз ететін өзге де тапсырмаларды және ілеспе қызметтер көрсету жөніндегі тапсырмаларды орындайтын аудиторлық ұйымдардағы сапаны бақылау» № 1 халықаралық стандартына егжей-тегжейлі талдау келтіріледі. Сапаны бақылаудың тиімді жүйесін құру тұрғысынан аудиторлық ұйымдағы «ішкі стандарттардың» орны қарастырылды (СБХС 1 сәйкес). Сонымен қатар, ішкі стандарттарда (аудит сапасын бақылаудың тиімді жүйесін құру мақсатында) көрсетілуі тиіс аудиторлық қызметтің ең маңызды аспектілері атап өтілді, олардың ішінде: стандарттарды әзірлеу мақсаттары, этикалық талаптар, аудиторлардың кәсіби білімі мен тәжірибесі.