Бұл мақалада өзге тілді ұлттарға қазақ тілін үйретуде байланыстыра сөйлеуді меңгертудің әдістері туралы айтылады. Байланыстырып сөйлеу құралдарының түрлері және оларды сөйлеуде дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру жолдары қарастырылады.
Қазақ тілін оқыту мәселелері және заманауи педагогикалық технологиялар [18] «Қазақ тілін оқыту мәселелері және заманауи педагогикалық технологиялар» атты Республикалық ғылыми-практикалық семинар материалдары жинағына қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері, тілдерді заманауи оқыту және инновациялық технологиялар, мәдениетаралық коммуникациядағы түркі тілдері секілді қазіргі көкейкесті зерттеулер, ғылыми материалдар енгізілген. Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Асанова Ұлмекен Отарқызының еңбектері, ұстаздық болмысы, ғалымдығы жайлы мақалалар қамтылған.