dc.description.abstract |
Адамзат коронавирустық вирусқа байланысты жаһандық
проблемаға бірінші рет тап болған. Осылайша, қашықтықтан оқытуды
мәжбүрлеп ұйымдастыру біздің елдегі білім беру саласындағы келесі
кемшіліктерді анықтады. Біріншіден, осы форматтағы реттеу мен тәжірибенің
жоқтығы. Қолданыстағы заңнамада «қашықтықтан оқыту» ұғымы жоқ,
сәйкесінше бағдарламалар, ережелер, әдістер мен нұсқаулар әзірленбеген.
Екіншіден, орта білім беру жүйесінің дайындық факторы: дағдарыс жағдайында
қашықтықтан оқытуға көшу мұғалімдердің АКТ дайындығы жеткіліксіз екенін
көрсетті, әсіресе ауыл мектептерінде. Үшіншіден, бұл сыртқы факторлар:
Интернет-байланыс факторы, инфрақұрылым, компьютерлер мен байланыс
құралдары жетіспеушілігі. Төртіншіден, көптеген студенттер үшін бір мезгілде
ағындық байланыстарды ұйымдастыруға арналған отандық ақпараттық
платформалардың болмауы, цифрлық білім беру мазмұнының және Интернет
желісі арқылы сабақ өткізуге арналған толыққанды бағдарламалық
жасақтаманың болмауы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалау
барысындағы табылған түбегейлі мәселелерді шешу үшін шұғыл түрде
материалдар, бағдарламалар дайындау, оқытудың жаңа ережелерін бағалау мен
нұсқаулықтарды әзірлеу, мұғалімдерге арналған оқыту курстарын өткізу,
қашықтықтан оқытуға арналған арнайы интернет платформаларды орналастыру
және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет болды. Негізінен,
білім беру саласындағы бюджеттік бағдарламалардың ғаламдық аспектте іске
асырылуын бағалау мәселелері көптеген ғылыми еңбектерде қарастырылған. Алайда, жоғарыда айтылғандардың барлығы бюджеттік бағдарламалардың іске
асырылуын бағалауға арналған мәселелерді егжей-тегжейлі зерттеуді қажет
етеді. Осы аспектілердің барлығы осы жұмыстың өзектілігін анықтауға
мүмкіндік берді. Осы мақалада - білім беру саласындағы бюджеттік
бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың қолданыстағы жүйесін зерттеу
және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар аталып өтеді. |
ru |