Аннотации:
Мақаланың мақсаты Алматы облысының білім беруге кететін бюджет шығындарының құрылымы мен құрамына аудитторлық іс-шараларын жүргізу және білім беруге кететін бюджет шығындарының көрсеткіштерін талдауды жасау мен анықтау болып табылады. Зерттеу өзектілігі тиімді қаржыландырудың арқасында, сөзсіз, халықтың көптеген мәселелерін шешіп, адамдардың өмір сапасын едәуір жақсартуға бағытталған. Зерттеу барысында білім беруге кететін бюджет шығындарының шетелдік тәжірибесі мен Алматы облысының соңғы үш жылдағы, яғни 2018, 2019, 2020 жылдардығы білім беруге бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты орындалуына талдау жүргізіліп, көрсеткіштер зерттелді