Аннотации:
Мақаланың мақсаты Алматы облысының денсаулық сақтаудың шығындарының құрылымын, қалай қалыптасады және басқа облыстарға
қарағанда қалай өзгергендігін талдау және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жолымен азаматтардың денсаулық деңгейін көтеру болып табылады. Зерттеу өзектілігі тиімді қаржыландырудың арқасында, сөзсіз, халықтың көптеген мәселелерін шешіп, адамдардың өмір сапасын едәуір жақсарту. Зерттеу барысында соңғы 3 жылғы, яғни 2018-2020 жылдар аралығындағы көрсеткіштер зерттелді. Зерттеу нәтижесінде Алматы облысының денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жетілдіру жолдары көрсетіліп, қорытынды ой-пікір жазылды.