Аннотации:
Автор мақалада балалар фольклоры ұғымына жан-жақты талдау жасап, оның қалыптасуына тоқталады. Ағылшын және қазақ балалар фольклорын салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын келтіреді. Сондай-ақ, білім алушы балалар фольклорының қалыптасуы, жинақталуы мен зерттелуіндегі пікірлерге тоқталып, өзіндік тұжырымдарын жасайды. Жұмыстан балалар фольклорының ерекшеліктеріне қарай жанрлық түрлерге жіктеу, олардың сипаттамасы туралы кеңінен ақпарат алуға болады.
Халық ауыз әдебиетінің озық үлгісінің бала тәрбиесіндегі маңыздылығы айтылады. Балалар фольклорының рухани, ұлттық тәрбие беру бағытында алатын орны айшықталып, болашақ ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған парасатты адам ретінде қалыптастыруда ауыз әдебиетімен сусындатып отыру мәселесі көтерілген