Аннотации:
Мақалада тілдік қарым-қатынаста туындайтын ерекше категория – тілімізде кеңінен қолданылатын аясы кең бағалауыш сөздердің мағыналық құрылымы Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары негізінде талданады. Тақырып шетел және отандық ғалымдардың тұжырымдамалары арқылы дәйектелген. Бағалауыштық мағына тіл жүйесінің түрлі деңгейін қамтиды. Бағалау семантикасы – лексикалық деңгейдегі бірліктердің семантикасының ажырамас бөлігі. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілі бағалауыш семантикаға бай саналады.