Аннотации:
Мақалада жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби іс-әрекетіне бейнеленетін
олардың тұлғалық қасиеттері бойынша типтерге жіктелуі қарастырылады. Теориялық талдау, нақтылау және жалпылау әдістері бойынша психологиялық-педагогикалық ғылымдарда белгілі педагогтардың кәсіби және тұлғалық типологиясы қарастырылған. Сондай-ақ, мақалада педагог типтерінің негізіндегі кәсіби маңызды қасиеттер, кәсіби құзіреттіліктің құраушылары болатыны анықталып, көрсетілген.