Аннотации:
Мақалада дизайн мамандығында білім берудегі жаңа технологияларды қолданудың
тиімділігі мазмұндалады. Жаңа технологиялар көркем мәдени білім беру процесінде білім сапасын
арттырады, оқыту жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізеді, оқытудың жаңа түрлерін топтастырады.
Мақалада дизайн мамандығында заманауи технологияларды білім мазмұнына ендірудің педагогикалық-практикалық негіздері мен жүзеге асырылуы сұрақтары қарастырылды. Әлемдік ақпараттық кеңістігінің мақсаттары, мазмұны жəне оқу процесін ұйымдастыру нысандары деңгейінде элементтердің өзара байланыстары белгіленген. Жеке тұлғаға бағытталған жағдайында оқыту үрдісінде
заманауи технологияларды пайдалануда педагогикалық мақсаттар анықталған. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, құрылымына, оқу материалының мазмұнына жəне оқу іс-əрекетін ұйымдастырудың талаптары айқындалған. Кәсіби пәндерді оқыту әдістемесінің ерекшеліктері анықталады. Көркем мәдениет негіздері пайдаланылады. Сондай-ақ, тәжірибелік эксперимент жұмыстарының қорытындысы берілген.