dc.description.abstract |
Студенттердің басқа мемлекеттің әлеуметтік-мәдени ортасына бейімделу мәселесін
зерттеу қазіргі заманда жоғарғы білімді дамытудың өзекті және маңызды мүмкіндіктерінен
көрінеді. Бүгінгі таңда шетелдік жоғарғы оқу орындарында білім алатын, академиялық ұтқырлық
бағдарламасы бойынша оқитын, біліктілікті көтеру бағдарламасы бойынша, «Болашақ»
бағдарламасы бойынша шетелде оқитын Қазақстандық студенттердің жалпы саны 45 мыңнан
аса адамды құрайды. Студенттердің және қызметшілердің жаппай шетелге оқуға жіберілуі,
мемлекетаралық студенттік алмасуға және миграциондық процестерге байланысты мәдениаралық
бейімделу тақырыбына қызығушылық өткен ғасырдың 50 жылдарынан басталды. Миграциондық
процесстер одан да көп адам санына әсер еткендіктен, соңғы жылдары бұл тақырыпты зерттеуге
деген мұқтаждық екі есе асты. Қазіргі мемлекетаралық саясат және дүниежүзілік білім кеңістігі
көптеген біздің азаматтарға шетелде оқып, жұмыс істеуге және шетел азаматтарын Қазақстанда
қабылдауға мүмкіндік береді. |
ru |