Репозиторий Dspace

Отбасындағы модельдің бұзылуы зорлық-зомбылықтың қайнар көзі

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Шалғынбаева, Қ.Қ.
dc.contributor.author Махадиева, А.К.
dc.date.accessioned 2023-06-15T06:46:28Z
dc.date.available 2023-06-15T06:46:28Z
dc.date.issued 2018
dc.identifier.issn 2616-6895
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/2634
dc.description.abstract Отбасындағы беріктік көп жағдайда ер мен әйел арасындағы теңсіздіктен, бостандықтың шектелуінен бұзылады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрделілігі отбасындағы қарым-қатынастан анық білінеді. Соңғы жылдары елімізде ажырасудың, отбасындағы зорлық-зомбылықтың, әйелдер мен балаларға жасалған ұрып-соғу, кісілік құқығына, адамдық болмысына қол сұғу секілді жағдайлардың көбеюі бұл тақырыпты тереңірек зерделеу қажеттігін туындатты. Отбасылық модельдің бұзылуы көп жағдайда ер адамның әйеліне (серіктесіне) қол жұмсауынан, оны кемсітуінен, кісілік құқығына қол сұғудан туындап жатады. Біз бұл мақалада осы жағдайлардың шығу себебі мен отбасындағы қайшылықтардың шоғырын, отбасы мүшелерінің типтерін және соңғы статистикалық мәліметтер мен зерттеулерді негізге алдық. Отбасындағы жанжалдың түп төркіні тек ер мен әйел арасындағы әлімжеттіктен тұрмайды. Мұнда отбасы мүшелерінің мінез-құлқы, өскен ортасы, бала кезіндегі түрлі психологиялық соққылар, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, ер адамның ішімдікке, нашақорлыққа тәуелділігі, отбасындағы серіктесін қызғану, туабітті мінездің түрлі себеппен бұзылуы, отбасын жоспарлаудың дұрыс болмауы және т.б. мәселелер әсер етеді. Мақалада осы жағдайлар жинақталып мазмұндалды. Сонымен қатар, мақала авторлары еліміздегі отбасындағы зорлық-зомбылық туралы зерттеулерді негізге ала отырып, отбасылық кикілжің, ұрыс-керіс, ер мен әйел арасындағы жанжалдың шығу себебін ұлттық менталитеттің, отбасылық дәстүрдің өзгеруінен деп түйіндеді. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject отбасы ru
dc.subject зорлық-зомбылық ru
dc.subject отбасы моделі ru
dc.subject қарым-қатынас ru
dc.subject тұлғалық мінездеме ru
dc.subject отбасылық құндылық ru
dc.title Отбасындағы модельдің бұзылуы зорлық-зомбылықтың қайнар көзі ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись