Аннотации:
Берілген мақалада заманауи білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтардың
функциялары мен жоғары мектепте әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа маман дайындауда
инновациялық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері, студенттердің әлеуметтік
белсенділігін жетілдірудің негізгі жолдары қарастырылған.
Әлеуметтік педагогтің біліктілік сипаттамасына сай атқаратын қызметі талданады. Педагог
мамандардың заманауи жаңашылдық пен қоғам талабына орай кәсіби құзіреттілігін арттыру
мәселелері көтерілген. Студенттердің ерте бастан кәсіби міндеттеріне жауапкершілікпен қарап,
мақсатты түрде оқу үрдісі және одан тыс уақытта аса қызығушылықпен өздерін дамытып отыруы
маңызды.
Жобалау технологиясы студенттердің өздігімен ізденіп, мәселені анықтау, алдын-ала болжау, шешімін табу, нәтижесін шығару сынды қабілеттерін шыңдайды. Ерікті жұмысқа студенттерді
баулу – мамандық аясында жастардың азамматтық ұстанымын қалыптастыру және әлеуметтік белсендігін арттыру болып табылады.