Аннотации:
Физика пәнін оқытуда физикалық есептерді модельдеу әдістері жаңа мәселелерді
зерттеу кезінде ұғымдардың мазмұны мен көлемінің ұлғая түсетінін қарастырылады. Сонымен қатар,
есептерді модельдеу - барынша кең, әрі терең мазмұнмен толықтырылатынын көрсетеді. Физиканы
оқытудағы міндеттерінің бірі – оқыту процесінде білім алушыларға материалистік көзқарасты қалыптастыру
және оны дамыту болып табылады. Мұндағы негізгі мәселелердің бірі – оқу орындарында білім алушыларды
танудың диалектикасымен таныстыру. Модель жасау танудың керекті кезеңдерінің бірі деуге болады.
Білім алатын ортада оқытылатын физика курсында бір физикалық процестің өзінен бірін-бірі
толықтырып отыратын бірнеше модель жасау пайдалы болатынын көрсетеді. Модельдеу дегеніміз –
қарастырылып отырған құбылысқа барлық ұқсастық жағынан сәйкес келетін құбылысты жасау деген сөз.
Модельдеу - гносеологиялық тұрғыдан алғанда кез келген шын заттың адам ойында шағылуы деуге болады.