Аннотации:
Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы қаланың маршруттық желілері бойынша жүретін көлік қозғалысының тұрақтылығына байланысты. Егер жоспарланған жүру аралықтары мен кестесі жүйелі түрде сақталса, қоғамдық жолаушылар көлігінің қозғалысын тұрақты деп санауға болады. Қалалық жолаушылар автопаркінің рейстік қозғалысының кезеңділігін автокөлік кәсіпорнының диспетчерлік қызметтері қадағалауы тиіс.
Жолаушылар тасымалының тұрақтылығын бақылау көлік құралдарының біркелкі толтырылуын қамтамасыз етуге, тасымалданатын адамдардың санын арттыруға мүмкіндік береді. Жүйелілік есебінен жол ақысы өседі.