dc.description.abstract |
Аталмыш мақалада әскери қызметтегі жас мамандардың кәсіби іс-әрекетіне
психологиялық бейімделудің мәні мен мазмұны ғалым зерттеушілердің ой-пікірлеріне негізделіп
қарастырылады. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері оның егемендігі мен территориялық
тұтастығын қорғау, әскердің беделі мен әскери қызметшінің мәртебесін көтеру өзекті мәселе болып
отыр. Себебі, өкінішке орай қазіргі таңда мемлекетіміздегі елеулі өзгерістерге байланысты әскери
қызметші маманының, жалпы Отан қорғаушының беделі едәуір төмендеді. Мұнда қоғамдағы
құқықтық бастаулардың бұзылуы, әскери қызмет туралы бұрмаланған түсініктер. Отан тағдыры
үшін өзіне жүктелген жауапкершіліктен қашу басты себеп болып отыр.
Сондай-ақ мақалада жеке тұлғаның психологиялық бейімделуінің формалары, типтері,
тәсілдері жан-жақты талданады. Кәсіби бейімделуді анықтауға бағытталған зерттеу жұмыстарының
нәтижелері берілген. |
ru |