dc.description.abstract |
Қоғамдағы әлеуметтік үдерістер адам өмірінің барлық жақтарына, оның ішінде,
денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Әлеуметтік наразылықтар адамның дамуын шектейді, психологиялық
денсаулықтың дамуында бұзылушылықтар туғызады. Осыған байланысты оны сақтау және психологиялық
сүйемелдеу мәселесі өзекті болып табылады. Осыған орай, мақалада студент тұлғасын дамытуға психологиялық
қолдау көрсету қажеттілігі, ең алдымен, адамның тұлға ретінде және өзінің жеке өмірлік іс-әрекетінің
субъектісі ретінде танылуымен сипатталатын қоғамның жалпы гуманизациясымен байланысты екендігі
қарастырылады. Психологиялық сүйемелдеу тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту перспективаларын
бірте-бірте аша отырып, даму заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылатыны талданады. Психологиялық сүйемелдеудің нәтижесінде тұлғаның сыртқы көмектен өзіне-өзі көмектесуге ауысуына, «Мен өзімнің өмірлік қиындықтарымды өзім жеңе аламын» деген өмірлік позициясын қалыптастыруға болады деген қорытынды жасалады. |
ru |