dc.description.abstract |
Мақалада ұлттық бірегейліктің сақталу мәселесіне мән берілген. Жаһандану жағдайында орын алған бірегейлік ұғымы, бірінші кезекте, дербес бірегейлікті, яғни
адамның қоғам мүшесі ретінде өзі туралы орнықты түсініктерді және халықтың
өз-өзіне ұқсастық сезімін қалыптастыратын, оған ұлтаралық кеңістікте өзіндік орнын табуға мүмкіндік беретін мәдени бірегейліктің негізігі рөлі қарастырылады. Яғни,
әрбір ұлттық бірегейліктің негізгі элементі ұлттың сипаты ретінде қабылданатын
бір мағыналық тұтастық немесе мәдени бірегейлік болып табылады. Аталған мақалада
авторлар мағыналық тұтастықты бүкіл жүйенің біртұтастыққа қосылуынан мызғымас бірлікті негіздейді деген ойға келеді. Осылайша, оның негізгі идеяларын өзгертпей,
бірегейлікті өзгерту мүмкін емес деген қорытындыға келеді. Мақалада, жаһандану ұлттық бірегейлікті бұзуға, оны демократияландырудың, мәдениетті стандарттаудың,
үнемдеудің, құндылықтарды әмбебаптандырудың және ақпараттандырудың жаһандық процестерін құртуға тырысады деген тұжырым жасалған. |
ru |