Аннотации:
Мақалада мектепке дейінгі білім беру мамандарының ғылыми-зерттеу
даярлығын жаңарту жағдайында инновациялық технологияларды қолданудың өзекті мәселелері қарастырылады. Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге, нормативтік-құқықтық құжаттарға, отандық және шетелдік тәжірибеге талдау жасалды.
Теориялық материалдарды жалпылау және оларды жүйелеу нәтижесінде инновациялық
технологияларды қолдану жолдары, кезеңдері, тенденциялары нақтыланды. Сондай-ақ
инновациялық технологияларды практикада тиімді пайдалануға қызығушылық пен
мотивацияны анықтау мақсатында «6В012-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы» бағыты бойынша 2 курс студенттеріне инновациялық технологияларды іс
жүзінде тиімді пайдалануға деген қызығушылық пен мотивацияны анықтау мақсатында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері ұсынылды.