dc.description.abstract |
Қытай мен Орталық Азия халықтары арасындағы қарым-қатынастар нығайған кезеңдерде көптеген қытай миссионерлер, елші дипломаттар, саудагерлер, тағысын тағылар Ұлы Жібек жолы арқылы Орталық Азияға саяхат жасаған. Осылайша олар өздері басып өткен өлкелер туралы көрген-білгендерін қағаз бетіне түсіріп отырған. Бұл естеліктердің кейбіреуі қытай патшасына жіберілген мәліметтер ретінде қытайдың сарайлық тарихнамасына енгізіліп, әйгілі «Ресми жиырма төрт патшалық тарихындағы» Орталық Азияға қатысты тараулардың негізін құраған болса, тағы біраз бөлігі бейресми еңбектер ретінде жарық көрген. Түркілер өзінің дамуында көптеген елдермен кең экономикалық, саяси және мәдени байланыстарды орната білді. Түркі қағанаты мен Таң патшалығы арасындағы қарым-қатынасты түрлі кезеңдерге бөлу және әрбір кезеңдегі екі жақты қатынастың түпкі сипатына, ерекшелігіне үңілу – көне түркі ескерткіштеріндегі қытай жазбаларын түп мәнінен түсінуге, олардың пайда болуына себеп болған тарихи оқиғаларды тереңірек талдауға және сол кездегі Солтүстік Қытай мен Орта Азиядағы геосаяси жағдаймен ішкерілей танысуға мүмкіндік береді. |
ru |