dc.description.abstract |
«Мемлекеттік пен конфессия қатынастары аясындағы ар-ождан бостандығы» атты
мақалада М.Ю. Онучко, Б.А Габдулина діни ұйымдардың құқықтық дәрежесін түсіндіру барысында
көптеген мемлекеттердің заң аясында жалпы адамзаттық құндылықтарға тән ар-ождан еркіндігінің негізінен
туындайтынын көрсетеді. Авторлар бұл мақалада сөз еркіндігі түсінігіндегі көптеген тұжырымдардың
мәніне баса назар аударады, сонымен қатар ар-ождан еркіндігінің құқықтық, экономикалық, адамгершілік
аспектілеріне сараптама жасаған. Сонымен қоса, қазіргі заманғы мемлекеттік – дінаралық қатынастың
қалыптасуына жаңа діни қозғалыстардың, тоталитарлы секталардың деструктивті ықпалын көрсеткен.
Авторлар мемлекеттік – дінаралық қатынастың тиімді үлгісін қолдануды ұсынуда, яғни қоғамдағы өзара
қарым-қатынас пен тұрақтылыққа жету мақсатында діни конфессиялардың (әсіресе, дәстүрлі емес діндер)
істеріне мемлекеттің араласуы қажет екендігін атап көрсетті. |
ru |