dc.description.abstract |
Қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі тілді функционалды тұрғыдан зерттеу болып
табылады. Функционалды грамматиканың негізі болып табылатын ұғымдық категориялар ойлау санаттары
мәселелеріне қызығушылық танытатындардың барлығының назарында болып отыр. Өйткені соңғы кезде
тіл білімі ойлау мен ұғым жайлы негізгі ғылымдардың бірі болып саналады. Мақаланың мақсаты ұғымдық
категорияның зерттелуін және тіл біліміндегі рөлі мен функциясын анықтау. Міндеті, ұғымдық категорияның
функционалды-семантикалық зерттеулердің негізі екенін айқындау. «Ұғымдық категория» терминін тіл
біліміне алғаш О. Есперсен енгізген, соңынан И. И. Мещанинов барынша дамытып, ұғымдық категориялардың
жүйесін әзірлейді. Сонымен қатар, С.Д. Кацнельсон, В.Н. Ярцева, М.М. Гухман, А.В. Бондарко сынды
ғалымдар аталмыш тақырыпты қолға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ұғымдық категория болмыстың
адам санасындағы көрінісі. Адам баласының өмір жайлы ұғым-түсініктері ортақ болғандықтан ұғымдық
категория да жалпыға бірдей болады. Алайда ол тілге бағынышты емес, керісінше, тіл ұғымдық категорияға
негізделеді. Яғни, тілдік категориялар ұғымдық категорияны көрсетеді. Семасиологиялық бағытта
грамматикалық категориялар шақ категориясы, жақ категориясы, тәуелдік категориясы, септік категориясы,
салыстырмалы шырай категориясы деп аталса, ономасиологиялық бағытта жоғарыдағы категориялар
темпоралдық, поссесивтік, персоналдық, компоративтік локативтік, квалификативтік т.б. аталады. Яғни, бұл
бағытта зерттеушінің семантикаға, тілдік бірліктердің мазмұндық жағына мән беретінін байқаймыз. |
ru |