Аннотации:
Эпостық жырлар – түркі халықтарының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен
рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қаһармандық эпос халық өмірінің тұтас бір дәуірін жанжақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі
әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды ашып көрсетеді. Халық ауыз әдебиетіндегі «батыр» сөзі батыл,
өжет, мықты ер, азамат деген ұғымды білдіреді.
Түркі халықтарының эпостық жырларындағы батырдың қалыңдық іздеуі мотиві – ерекше құбылыс.
Дастандардағы кейіпкерлерлердің эпос оқиғасын мотивтерге жіктеп қарастыру сюжеттің дәстүрлі бітімінен туындап жатқан тұжырымдар екенін білдіреді. Мақалада түркі халықтарының мәдени құнды дүниелерінің бірі болып саналатын эпостық жырлар мен қаһармандық дастандардағы батырдың қалыңдық іздеу мотиві мен ортақ сюжеттері сипатталады.