dc.description.abstract |
Мақалада Күлтегін ескерткіші руникалық мәтінінің батыс бетінің 1-10 жолдарына
деректанулық-тарихнамалық талдау жасалып, онда келтірілген мәліметтердің қытай деректерімен сәйкестігі,
шынайылығы және деректік маңызы ашып көрсетілген. Автордың зерттеу нәтижелері мен көзқарасы мынаған
саяды:
Күлтегін ескерткішіндегі руникалық мәтіннің алғашқы он жолында келтірілген деректердің ішінде Түркі
қағанының алғашқы құрушылары Бумын, Естеми қағандардың атақ-даңқы, істеген істері, олардың кезінде
Түркі қағанатының шығыста Хинган (Қыдырхан) тауларынан батыста Темір қапыққа дейін қоластына алып,
іргелі елге айналғаны, кейін келе ішкі-сыртқы күштердің әсерінен билікте берекесіздік орын алып, түркі
жұртының 50 жыл бойы Таң империясының отарына түскені, ақыр соңында халықтың қайтадан оянып күш
біріктіріп Таң үстемдігін аударып тастауға бел буғаны сынды тарихи оқиғалардың бәрі дерлік Қытайдың «Цзю
Таншу», «Син Таншу» секілді деректерімен толықтай сәйкес келеді. Сонымен бірге, онда қытай деректерінде
айтылмаған түркі мемлекеттілігі, елдік сана-сезімі туралы тың мәліметтер кездеседі. |
ru |