Аннотации:
Бұл мақалада критикалық бағалау әдісі қолданыла отырып, итальян ғалымы Антонио
Грамшидің философиясында аса маңызды орынға ие «gli intellettuali» немесе «интеллектуалдар» теориясы
қолға алынған. Нақтырақ айтқанда, тарихи блок және праксис философиясы контексінде Грамшидің
интеллектуалдар түсінігі мен оны қолдану ерекшелігіне анализ жасалған.
Сонымен қатар, Грамши ұсынған интеллектуалдар теориясы Платоннан Гегельге дейінгі саяси философияда үстем болған классикалық элитистік интеллектуал түсінігінен неліктен және қалай ерекшелінетіндігі, сондай-ақ органикалық және дәстүрлі интеллектуалдар айырымына себеп болған негізгі тұжырымдамалар қарастырылған.