dc.description.abstract |
Фольклордың ең бай және ең көне жанрларының бірі - қаһармандық эпостар -
ғасырлар бойы қалыптасып, әлем өркениетіндегі өзіндік орны айқындалған рухани құндылық,
рухани мұра болып саналады. Қаһармандық эпостарда халықтың дәстүріне, мәдениетіне, тарихына,
наным-сеніміне, дүниетанымына, салт-санасына, рухани болмысына, тіліне, діліне қатысты құнды
қазыналар жинақталған. Түркі халықтарының бірі тува түркілерінің де көптеген ғасырлар бойы
дамып, қалыптасқан бай фольклорлық мұрасы бар.
Аталған мақалада тува түркілерінің қаһармандық эпостары, олардың ерекшеліктері,
зерттеушілері, орындаушылары және мектептері туралы қарастырылады. Сонымен қатар, тува
қаһармандық эпостарының жанрлық жағынан топтастырылуы қарастырылып, эпостарда кеңінен
кездесетін баласыздық зары, батырдың балалық шағы, ат қою, тұлпар мотивтеріне тоқталып, жанжақты мысалдар келтірілген. |
ru |