dc.description.abstract |
Қазақстан – көп ұлтты, көп конфессиялы мемлекет. Елімізде түркі тілдерінің ішіндегі
қыпшақ, оғыз және қарлұқ топшаларына жататын тілдерде сөйлейтін 25-ке жуық ұлт өкілдері тұрады. Мақалада
Қазақстанды мекен ететін құмық диаспорасының тілдік ерекшеліктері баяндалады. Қазіргі уақытта құмықтар
ұлт ретінде Ресей Федерациясының оңтүстігі Дағыстанда жинақы түрде қоныс тепкен. Қазақстанда тұратын
құмықтардың елімізге қоныс аудару себептері де түрлі тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты екені
белгілі. Диаспора өкілдеріне қатысты жүргізілген сауалнамалық және тарихи-лингвистикалық зерттеулерді
шолу негізінде құмық тілінің қалыптасу ерекшеліктері, лексикалық қоры, кірме сөздер, фонетикалық және
морфологиялық ерекшеліктері айқындалады. |
ru |