dc.description.abstract |
Мақала тұрақтылық факторы ретіндегі конфессияаралық келісім үлгісін қалыптастыру
бойынша қазақстандық тәжірибені талдауға арналған. Авторлар конфессияаралық және мемлекеттікконфессиялық қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен дамуын
ғылымаралық қағида негізінде жан-жақты қарастыра отырып, әлеуметтік-мәдени, құқықтық тетіктерін ашып
талдаған.
Қазақстандық зайырлылық пен дінаралық сипаттағы шиеленістерге қарсы іс-қимыл бойынша
шаралардың ерекшеліктері ашып көрсетілген. Сондай-ақ полиэтносты және поликонфессиялы қоғам
жағдайындағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
сипатталады.
Мақала дін саласын зерттейтін саясаттанушы, дінтанушы, әлеуметтанушы, құқықтанушы мамандарға,
әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар бойынша білім алушы студенттер мен магистранттарға, сондайақ мемлекеттік-конфессияаралық қатынастарды реттеумен байланысты қызмет атқаратын мемлекеттік
қызметшілерге және аталған мәселеге қызығушылық танытушы қоғамның басқа да өкілдеріне құнды ақпарат бере алады. |
ru |