dc.description.abstract |
Мақалада қазақ халқында дәстүр болып сақталып, атадан балаға ауызша жетіп отырған
аңыздардың қазақ тарихын, дәстүрін, мәдениетін, дүниетанымын зерттеудегі маңыздылығы мен Қорқыт Ата
жайындағы аңыздардың тарихи негіздері қарастырылады.
Сырдың бойында жатқан Қорқыттың мазары, Оғыз мемлекетінің мәдениетіне тән Сырлы тамдар,
«Қорқыт Ата кітабынан» көрініс тапқан тарихи оқиғалар, ондағы тарихи атаулар Қорқыт фольклор аясында
жасалған кейіпкер емес, оғыз тайпасынан шыққан тарихи тұлға екендігін аңғартатын бірден бір дерек болып
саналады.
Осыған орай, ғылыми еңбекте Аңызды зерттеудің теориялық, методологиялық аспектілерін қарастыра
отырып, аңыздың дерекнамалық құндылығына мән беріледі. Қорқыт мұрасы, ол туралы аңыздардағы елдімекен, жер-су атаулары мен адам есімдері сол аңыздардың тарихи шындығын аша түсетін бірден-бір дерек
екендігі баса айтылады. |
ru |