dc.description.abstract |
Қазіргі таңда әлемдік жаһандану құбылысы барлық ғылым салаларында интеграциялық процестерді жеделдетіп отырғаны белгілі. Тілдік тұтастықтан шығып,
өзіндік ерекшеліктерін орнықтырған қазіргі түркі тілдерінің терминдерін айқындау,
олардың жақындығы мен ерекшелігін көрсетіп, ғылымдағы орнын белгілеудің маңызы
зор. Дипломатиялық терминдер көптеген салаларға ортақ мәселе болғандықтан, құбылыстардың негізін түсініп ұғынуға септігін тигізері даусыз. Терминология саласында түрік және қазақ тілдеріндегі дипломатиялық терминдерді салыстыра қарастыру
жаңа ғылыми көзқарастар мен жаңа тұжырымдар жасауға жол аша алады. Өйткені
түркі тілдеріндегі ортақ терминдерді анықтау арқылы біз дипломатия ісіне қатысты мамандар мен іскерлердің қарым-қатынас жасауындағы басты қиыншылықтарды
анықтап, олардың себебін ұғуға көңіл бөлеміз. Әрі ортақ терминдерді мол жасаудың
белсенділігін арттыру арқылы, көптеген қиыншылықтардан құтылудың мүмкіндіктерін анықтауға болады.
Терминология саласында қазақ және түрік тілдеріндегі дипломатиялық терминдерді салыстыра қарастыру, зерделеу маңызды әрі өзекті саналады. Осыған орай, елшілік ісінің
өсіп, өркендеуімен байланысты және түркі тектес тілдердің ынтымақтастығын арттыру мақсатында ортақ дипломатиялық терминдердің санын арттыру қажет. Ортақ терминдер желісін құру да туыстас елдердің дипломатиялық ісінің өрістеуі үшін
керек факторлардың бірі.
Мақаламызда төл негізді қазақ және түрік тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің
қалыптасу уәжділігі, қазіргі таңдағы өміршеңдігі көрсетіледі. Қазақ және түрік тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің лексикалық құрамы анықталып, олар семантикалық тұрғыдан талданады. |
ru |