Аннотации:
Түркі халықтарының көптеген ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан бай
фольклорлық мұрасының бірі - қаһармандық эпостардың алатын орны ерекше.
Эпостардың басты кейіпкері – ерекше туған батыр. Ең жақсы қасиеттер де осы
халықтың өкілі, ел бірлігін дәріптейтін эпостың басты кейіпкері – батырдың бойына
жинақталған. Эпостарда басқа әлеуметтік топ өкілдеріне қарағанда өзі мерген, өзі
аңшы, өзі шешен, өзі еңбекқор, өзі әділ батырдың алатын орны барлығынан жоғары
тұрады. Түркі халықтарының көне эпостарында батырлар немесе олардың әкелері рутайпа басшысы, көсемі болып келсе, қаһармандық эпостарда мемлекеттің пайда
болуымен батырлар хан дәрежесіне көтеріліп, асқақтатылды. Аталған мақалада түркі
халықтарының эпостарындағы қызметі қоғамның, елдің бірлігіне негізделген батыр
типтері қарастырылады. Сонымен қатар, ауылын, руластарын аңшылығымен,
мергендігімен асыраған аңшы/мерген батыр типі, зұлымдықты жеңіп, елге тыныштық
пен әділдік орнататын батыр хан типі, ұсақ-түйек даулардан бастап, үлкен даужанжалдарға дейінгі мәселелерді шешіп, әділ шешімін айтып, төрелік ететін би батыр
типі, зұлым байдың әділетсіздігі мен кемсітуіне қарсы тұрып күрескен малшы батыр
типтерінің ерекшеліктері эпостардан мысалдар келтіріле отырып, жан-жақты
сараланып, пайымдалады.