Аннотации:
Бұл мақалада авторлар Қазақстан-Ауғанстан қарым-қатынастарын, атап
айтқанда дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы, экономика, көлік-логистика,
білім беру, гуманитарлық көмек саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанның
ауған жерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатудағы күш-жігерін талдайды.
Кеңес әскерлерінің 1989 жылы Ауғанстаннан шығарылуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі ынтымақтастықтың барлық кезеңдері талданды. Сондай-ақ, соңғы отыз жылдағы
Ауғанстанның жаңа тарихы қысқаша сипатталған. Мақалада соңғы жылдары білім
беру, гуманитарлық көмек саласындағы екі елдің сауда айналымы бойынша статистикалық деректер бар. Ғылыми жұмыста екіжақты қарым-қатынасты орнатуда басты рөл атқарған Қазақстан мен Ауғанстанның танымал тұлғалары көрсетіліп, бірлескен ынтымақтастықтың қорытындылары және олардың келешектегі перспективалары қорытындыланды.