DSpace Repository

Джон Бэтчелордың Жапониядағы айнуларды зерттеу ерекшеліктері

Show simple item record

dc.contributor.author Досова, А.
dc.contributor.author Ильясова, К.М.
dc.date.accessioned 2023-08-10T08:24:52Z
dc.date.available 2023-08-10T08:24:52Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-6887
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/4527
dc.description.abstract Бұл мақалада Айнутану ғылымының негізін қалаушы, британдық миссионер Джон Бэтчелордың отандық шығыстанушыларға беймәлім күнделікті өмірі мен қызметі көрсетілген. Джон Бэтчелор (1854-1944 жж.) ғасырға жуық саналы ғұмырында Жапонияға қоныс аударып, айнулардың шығу тегін, салт-дәстүрін, діни наным – сенімі мен мәдениетін зерттеу объектісіне айналдырған. Англияда дүниеге келген Д.Бэтчелор христиан дінін ұстанған, сондықтан Жапонияда Хоккайдодағы Хакодате англикан шіркеуін таңдайды. Осы елде миссионерлік қызметін бастаған Д.Бэтчелор жергілікті жапон және айну тілдерін менгереді. Осылайша Хоккайдода ұзақ жылдар бойы тұрақтанған миссионер жапондармен ассимиляцияланған айнулардың күнделікті өмірін зерттей бастайды. Ақырында Айнуларға арналған Айруи-Гаккоу мектебін ашады, ағылшын тілінде «Жапондық Айну» атты еңбек жазады. Сонымен қатар Хоккайдо үкіметінің кеңсесі қаржысы есебінен «Айну-ағылшын-жапон сөздігін» шығарады. Одан кейін Д.Бэтчелордың «Жаңа өсиет» аудармасы жарық көреді. «Жолдағы қадамдар» атты кітабында айну тілінің қолданыстан шығып кеткенін алға тартып, оның орнына жапон тілі келгендіктен бұл аударманың ескіргенін айтады. Автор ағылшын тілінде шыққан «Айну өмірі мен ілімі» деп аталатын еңбегінде айнулардың күнделікті өмір тарихына қатысты қызықты мәліметтер мен матераилдар жинақтайды. Өмірінің соңына қарай Англияға оралған Д.Бэтчелор «Айну-ағылшын-жапон сөздігінің» төртінші басылымын аяқтайды. Жапон-ағылшын қарым-қатынасы шиеленісе бастаған кезде, Д.Бэтчелор Жапониядан кетуге шешім қабылдайды. Осылайша Д. Бэтчелордың қызметі миссионерліктен зерттеушілікке ұласады. Ол Жапониядағы бүкіл өмірін Айну халқының құқықтары мен бостандықтары үшін күреске арнаған. Мақалада айнуларды зерттеуге түрткі болған жағдайлар да қарастырылады, автордың әрбір еңбегіне шолу жасалып, түсініктеме беріледі. Кейін Д.Бэтчелордың «Ағылшын-Айну» сөздігі көптеген жапондық және шетелдік лингвистердің Айну тілін терең зерттеп, жаңа еңбектер жазуына негіз болады. Автордың «Айну және фольклор» кітабы айнулардың болашағына қомақты үлес қосты деуге болады. Осы еңбектің нәтижесінде Хоккайдадағы айнулар бүкіл әлемге танылып, БҰҰ-ның қарамағына алынады. Сонымен қатар мақалада айнулар туралы Д.Бэтчелордың мәлімдемелері және лингвист-антрополог Чири Машихоның сыни көзқарастары да келтірілген. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject миссионер ru
dc.subject Жапония ru
dc.subject айну ru
dc.subject Хоккайдо ru
dc.subject грамматика ru
dc.subject БҰҰ ru
dc.subject арий тілі ru
dc.subject ағылшын ru
dc.subject екінші дүниежүзілік соғыс ru
dc.title Джон Бэтчелордың Жапониядағы айнуларды зерттеу ерекшеліктері ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account