Аннотации:
Бұл ғылыми мақалада елімізде жүргізіліп жатқан институционалды реформалар шеңберіндегі
азаматтық қоғамның саяси жаңғыруының өзекті мәселелері қарастырылған. Автор мемлекеттің құқықтық
дамуына ықпал ететін конституциялық реформалардың негізгі кезеңдеріне талдау жасайды. Мемлекеттегі
өткізіліп отырған конституциялық-құқықтық реформалардың эволюциясы саяси-құқықтық жүйені
жетілдіруге,қоғам мүддесін қорғауға бағытталғанына ерекше көңіл бөледі.