Abstract:
Мемлекеттің бөлінуі, отаршылдық кезеңінің аяқталып, нәтижесінде басқа мемлекеттің
пайда болуы, бірнеше мемлекеттердің бірігуі сияқты жағдайлардан туындайтын сұрақтар алғаш қарағанда
бұрынғы заманның басты мәселесі ретінде қарастырылады, алайда осы тақырыпқа байланысты көптеген
сұрақтар қазіргі таңда да талқылауды қажет етеді. Мақаланың басты мақсаты - тарихқа шолу жасай отырып,
құқықмирасқорлықтың тәжірибеге сүйене отырып, теориялық тұрғыдан талдау, жаңа мемлекеттердің
пайда болу барысында аталған теорияны қолданудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін анықтап,
аталған мәселелердің қазіргі кезде өзектілігін жоғалтпауын дәлелдеу. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып,
Қазақстан Респуликасының құқықтық болашағына болажау жасап, көптеген келеңсіз оқиғалардын алдын
алу мүмкіндігін береді. Мақала мақсатына сәйкес міндеті ретінде негіздерге сүйене отырып мемлкеттердің
құқықмирасқорлығы институтының бұрынғы және қазіргі кездегі ерекшеліктерін қарастыру.