Аннотации:
Бүгінгі таңда мемлекетіміз отыз озық елдің қатарына қосылу мақсатын ұстанып отыр. Жалпы мемлекеттің дамуы, қарқынды алға басуында оған қызмет ететін азаматтардың
құқықтық мәдениетіне тығыз байланысты. Өйткені мемлекеттің құқықтық дамуында олардың үлесі
де өте зор. Қазіргі күні азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппараттың қызметі
ғылыми тұрғыда қызығушылық тудырып отыр.Бүгінгі жаһандық жағдайдың талаптарына сәйкес
мемлекеттік аппарат өзгеруі керек. Мемлекеттік аппарат тиімді қызмет көрсету бағытына қарай назар аударылуы қажет. Өйткені қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы да мемлекеттік қызметтің
тиімді, әрі қолайлы орта жасау арқылы көрсетілуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің басқаруының
негізгі бағыты сапа, ал оның басты қағидаттарының бірі өзін-өзі жетілдіріп отыру. Жаңа форматтағы мемлекеттік қызметшілер мемлкет пен қоғам арасындағы арақашықтықты қысқартуы тиіс.
Осы мәселелердің барлығы жүйелі түрде ғылыми-құқықтық талдауды қажет етеді. Бұл ғылыми
мақала төртінші өнеркәсіп революция ауқымында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналған. Автор кәсіби құқықтық мәдениеттің қалыптасуына
ықпал ететін факторларды жан-жақты талдайды. Мемлекеттегі рухани жаңғыру аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құқықтық мәдениетін дамыту басымдықтарына ерекше көңіл бөледі.