Аннотации:
Мақалада 1995 жылы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жылдың ішінде енгізілген
(1998, 2007, 2011, 2017, 2019 ж.ж.) өзгерістер мен толықтырулардың ерекшеліктеріне
құқықтық талдау жасалған. Талдау барысында Қазақстан Республикасының Конституциялық реформалары нәтижесінде демократиялық өзгерістер арқылы құқықтық
мемлекет қалыптастырудағы өзіндік үлгісін жасай отырып, дамыған алдыңғы қатарлы
30 елдердің қатарына қосылудың батыл қадамдарын көрсетеді. Әсіресе, 2017 жылғы мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі конституциялық реформаға баса назар аударылған. Онда Президенттің өкілеттіктерін беруге
байланысты Парламент пен Үкіметтің азаматтар алдындағы рөлі мен жауапкершілігі
күшейтілуі, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін
білдіру және ескеру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар жанынан
қоғамдық кеңестер құру арқылы халық пен Үкімет арасында «кері байланыс» тетігін
қалыптастырудың негіздері қарастырылады. Реформалардың жүзеге асырылуын қолдай
отырып, конституциялық даму мәселесіне қатысты салыстырмалы құқық тұрғыдан
дәйекті ұсыныстар мен қисынды пікірлер келтіріледі.